ЖШС "КредитСмарт" қарыз беру және оған қызмет көрсету қағидалары

КредитСмарт

 ЖШС бас директорының 2019 жылғы 29 қантар

№ 6 бұйрығымен бекітілген және

Серіктестіктің сайтында орналастырылған

 2019 жылғы «29» қантардан бастап қолданылуы тиіс

«КРЕДИТСМАРТ»

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ 

ҚАРЫЗ БЕРУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

Осы «КредитСмарт» ЖШС қарыз беру және оған қызмет көрсету қағидаларының мәтінімен дұрыстап танысып шығыңыз, егер осы Қағидалардың қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, «КредитСмарт» ЖШС Қарыз шартын жасасуға арналған Офертаны бағыттаудан бас тартуыңызды ұсынамыз.

1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1. Осы «КредитСмарт» ЖШС қарыз беру және оған қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 36 тарауы, 395-397 баптарына, Қазақстан Республикасының басқа қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ «Авентус Казахстан» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген және Серіктестік пен Өтінішкерлер/Қарыз алушылар болып табылатын, ал бірге Серіктестік тарапынан қарыз ұсынуға байланысты Тараптар деп аталатын жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

1.2. Қағидалар Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан Қарыз шартын жасасуға арналған Өтінім/Офертаны беру шарттарын, Серіктестік тарапынан Офертаны Акцепттеу тәртібін анықтайды, сондай-ақ Тараптармен Қарыз шартының талаптарын тиісінше орындауға арналған ақпаратты қамтиды.

1.3. Серіктестіктің толық атауы - «КредитСмарт»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қысқаша атауы - «КредитСмарт» ЖШС.

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр к-сі, 256А үйі.                                   

Бизнес-сәйкестендіруші нөмірлердің ұлттық тізіліміндегі тіркеу нөмірі: БСН 190140000119, 2 қантар 2019ж.

Интернет ақпараттық-телекоомуникациялық желісіндегі ресми сайты: www.100tenge.kz.

1.4. Осы Қағидалар барлық тұлғалардың танысуы үшін қолжетімді және Интернет желісіндегі Ресми сайтқа орналастырылады, Қағидалар Тараптардың арасында жасалатын Қарыз шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

1.5. Осы Қағидалар Серіктестік тарапынан бір жақты тәртіпте өзгертіледі, толықтырылады және Серіктестіктің бас директорымен бекітіледі.

1.5. Қағидалардың осы редакциясы 2019 жылғы «29» қантардан бастап күшіне енеді және осы күні берілетін Өтінім/Оферталарға, сондай-ақ осы күні жасалатын Қарыз шарттарына қолданылады.

2-ТАРАУ. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Акцепт - Серіктестіктің, осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде және тәртіпте Өтінішкерге/Қарыз алушыға Қарыз сомасын аударумен немесе Қарыз шартының әрекет ету мерзімін ұзартумен айқындалған Өтінішкер/Қарыз алушының Оферта шарттарымен келісуі.

Сауалнама - Серіктестіктің сайтында тіркелген кезде Өтінішкер/Қарыз алушы өз бетінше ұсынған Өтінішкер/Қарыз алушы туралы деректері бар құжат.

Сыйақы - Жылдық көлемінің есебінен негізгі қарызға пайыз түрінде белгіленген Қарызды қолданудың әрбір күні үшін Өтінішкер/Қарыз алушы Серіктестікке төлейтін төлемақы.

Ақша аударымы - Серіктестіктің Өтінішкер/Қарыз алушының банк/карта есеп шотына ақша аударуы.

Қарыз шарты - осы Қағидаларға сәйкес ресімделген, мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында Шартты жасасуға арналған Қарыз алушының Офертасын Серіктестік тарапынан Акцепттеу арқылы Тараптар арасында жасалған Шарт.

Берешек - Негізгі қарыз сомасын, сыйақы сомасын, соның ішінде Қарыз қолдану үшін есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасын, тұрақсыздық айыбын және Қағидалармен және/немесе Қарыз шартымен көзделген өзге де төлемдерді қоса алғанда, Қарыз шарты бойынша Серіктестікке Қарыз алушы төлеуі тиіс ақшалай сома.

Қарыз - Қарыз шартының талаптарына сәйкес мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес Өтінішкер/Қарыз алушының тұтынушылық мақсаттарына Серіктестік ұсынған Қазақстан Республикасының валютасы - теңгедегі ақшалай қаражат.

Өтініш білдіруші - Өтінішкер тарапынан Өтінімде баяндалған ұсынысы (Оферта) негізінде, Қарыз шартын жасасу үшін Серіктестікке Өтінім берген, жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға.

Қарыз алушы - Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан Өтінімде баяндалған ұсынысы (Оферта) негізінде Серіктестікпен Қарыз шартын жасасқан, жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға.

Өтінім - Қарыз шартын жасасуға арналған Оферта түріндегі Өтінішкер/Қарыз алушының Серіктестікке арналған ұсынысын қамтитын, нысаны Серіктестіктің ресми сайтында орналасқан құжат.

Тіркелген нөмір - сайтта Өтінім берген кезде немесе белгіленген ресімге сәйкес Өтінімнің деректерін одан әрі өзгерту барысында Өтінішкер/Қарыз алушы көрсеткен және растаған, Өтінішкер/Қарыз алушының ұялы телефонының нөмірі.

Тіркелген пошта жәшігі - сайтта Өтінім берген кезде немесе белгіленген ресімге сәйкес Өтінім деректерін одан әрі өзгерту барысында Өтінішкер/Қарыз алушы көрсеткен, Өтінішкер/Қарыз алушының электрондық пошта мекенжайы.

Лимит - Өтінішкер/Қарыз алушы ала алатын Қарыздың ең көп мөлшері. Лимит Серіктестік тарапынан Өтінішкер/Қарыз алушыдан алған ақпаратқа байланысты өз бетінше белгіленеді және Серіктестік тарапынан кез келген уақытта бір жақты тәртіпте барлық Өтінішкер/Қарыз алушылар үшін де, олардың әрбірі үшін бөлек те өзгертіле алады. Лимитті белгілеу Серіктесті Өтінішкер/Қарыз алушымен Қарыз шартын жасасуға міндетті етпейді Қарыз шартын жасасуға арналған Офертаны берген кезде Өтінішкер/Қарыз алушыны хабардар ету үшін жүзеге асырылады.

Жеке кабинет - Өтінішкер/Қарыз алушының Қарызды алу және қайтарумен, сондай-ақ Қарыз шарты туралы ақпарат алумен байланысты іс-әрекеттерді жасауға арналған сайттын жария қолжетімділіктен жабық бөлімі.

Логин - Өтінішкер/Қарыз алушыға Жеке кабинетке қолжетімділік ұсыну мақсатында оны сәйкестендіру үшін қолданылатын, Өтінішкер/Қарыз алушының тіркелген ұялы телефонымен немесе электрондық поштасымен сәйкес келетін нышандық белгілеу.

Негізгі қарыз - жасалған Қарыз шартының аясында Өтінішкер/Қарыз алушы Серіктестіктен алған, Өтінішкер/Қарыз алушы қайтармаған (өтемеген) ақшалай қаражат сомасы болып табылатын Өтінішкер/Қарыз алушының берешегінің бөлігі.

Оферта - Серіктестікке жолданатын Өтінімде бар осы Қағидалардың шарттарында Қарыз шартын жасасуға арналған Өтінішкер/Қарыз алушының ұсынысы немесе Қарыз шартының әрекет ету мерзімін ұзарту туралы ұсыныс.

Құпиялылық саясаты - Серіктестік бекіткен, Өтінішкерлер/Қарыз алушылардың дербес деректерін жинау, сақтау және өңдеу тәртібін анықтайтын ішкі құжат.

Құпия сөз - Өтінішкер/Қарыз алушы жасаған немесе сайтта тіркелген кезде немесе Өтінішкер/Қарыз алушы сайтта тіркелу барысында ұсынған немесе кейінірек анықтаған және Өтінішкер/Қарыз алушыға Жеке кабинетке қолжетімділік ұсыну мақсатында оны сәйкестендіру үшін қолданылатын құпиялы нышандық белгілеу.

Қағидалар - Қарыздар ұсыну және оларға қызмет көрсетудің осы Қағидалары.

Шарттың мерзімін ұзарту - Қарыз шартының әрекет ету мерзімін ұзарту.

Тіркелу - нәтижесінде Өтінішкер/Қарыз алушы сәйкестендірілетін және оның профилі жасалатын Серіктестікке ақпарат жолдау үдерісі.

Сайт - www.kredit7.kz мекенжайы бойынша орналасқан Интернет желісіндегі ресми сайт.

СМС-код - Өтінішкер/Қарыз алушыға СМС-хабарлама (SMS) арқылы ұсынылатын, өз қолымен қойылатын қолдың баламасы болып табылатын бірегей құпиялы нышандық код. СМС-код Серіктестікпен қашықтан өзара іс-қимыл жасау барысында электрондық құжаттарға қол қою үшін Өтінішкер/Қарыз алушымен қолданылады.

Сәйкестендіру құралдары - Өтінішкер/Қарыз алушы Жеке кабинетті қолдану барысында оны сәйкестендіруге арналған және Өтінішкер/Қарыз алушының Жеке кабинетке кіруіне қажет логин және құпия сөз.

Тараптар - бірігіп аталатын Серіктестік және Өтінішкер/Қарыз алушы.

Есеп шот - Өтінішкер/Қарыз алушының атына ашылған банк есеп шоты (банктің IBAN деректемелерімен банк есеп шотының нөмірі) немесе Офертаға, Қарыз шартына және осы Қағидаларға сәйкес Серіктестік Қарыз сомасын аударатын Өтінішкер/Қарыз алушыға тиесілі банк картасының есеп шоты.

Серіктестік/Қарыз беруші - Өтінішкер/Қарыз алушы жіберген Офертаны Акцепттеу арқылы Қарыз шартын жасасқан «КредитСмарт» ЖШС.

Есеп жазбасы - Өтінішкер/Қарыз алушыға қатысты сайтта бар электрондық тізілімнің жазбасы және ол туралы және оның сайттағы іс-әрекеттері туралы деректерді, соның ішінде авторластыруға арналған сәйкестендірме деректерді қамтиды.

Ватсап  (WhatsApp) - хабарламалар, фотосуреттер және бейнемен алмасуға мүмкіндік беретін Android немесе iOS базасында смартфондар мен планшеттерге арналған қолданба.

Қарыз шарты және/немесе Өтінім/Офертаның мәтіні бойынша ұғымды бір мағыналы түрде түсіндіру мүмкін емес болса, бірінші кезекте осы Қағидаларда анықталған, екінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған ұғымның түсініктемесі қолданылады.

Осы Қағидаларда көрсетілген терминдер Офертаны Акцепттеу кезінде жасалған Өтінімдерге, Қарыз шарттарына, егер құжаттармен басқа түсініктемесі анықталмаса, Өтінішкер/Қарыз алушы мен Серіктестіктің арасында осы Қағидаларға сәйкес қатынастардың туындауымен байланысты ресімделетін өзге де құжаттарға таралады.

3-ТАРАУ. ҚАРЫЗ ПАРАМЕТРЛЕРІ.

3.1. Қарыз валютасы - Қазақстан Республикасының теңгесі.

3.2. Серіктестік мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық қағидаттарына сүйене отырып тұтынушылық Қарызды береді. Қарыздар кепілдіксіз ұсынылады.

3.3. Серіктестік 7 000 (жеті мың) теңгеден 150 000 (жүз елу мың) теңге сомасындағы қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатпен 7 (жеті) бастап 61 (алпыс бір) күнтізбелік күнге дейін қарыз мерзіміне Өтінішкер/Қарыз алушыға Қарыздар ұсынады.

Өтінішкер/Қарыз алушыға Қарыздар ұсыну келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

Өтінішкер/Қарыз алушы бірінші рет жүгінген кезде ұсынылатын Қарыз сомасында кемінде 7 000 (жеті мың) теңге және ең көбі 75 000 (жетпіс бес мың) теңгені құрайды;
Өтінішкер/Қарыз алушы қайтадан жүгінген кезде Қарыз сомасы 150 000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі сомадан артық бола алмайды.
3.4. Өтінішкер/Қарыз алушы Офертада қайтарылуы тиіс, Сыйақысы есептелген Қарыз сомасын және Қарыз ұсынылған мерзімді анықтайды. Бұл ретте Серіктестік Өтінішкер/Қарыз алушы ұсынған төлем қабілеттілігі туралы деректерге сүйене отырып, сондай-ақ өзге де өлшемшарттарды басшылыққа ала отырып, Өтінішкер/Қарыз алушы сұрайтын көледерде Қарыз берудің мүмкіндігі мен шарттарын өз бетінше анықтайды. 

3.5. Қарыз алушы үшін Қарызды қолданғаны үшін Берешек сомасын есептеуге қолданылатын сыйақы қарыздың мерзіміне қарамастан күніне 0,27% мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Бұл арада, Қарыздар бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме берілген Қарыз сомасынан 100%-дан аспауы тиіс.

3.6. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу келесі формулалар бойынша жүргізіледі:

3.6.1. қарыз бойынша бірнеше төлемдер бар болса:


n - қарыз алушыға соңғы төлемнің реттік нөмірі;

j - қарыз алған күннен соң қарыз алушыға төлемнің реттік нөмірі;

Sj - қарыз алушыға j-ші төлем сомасы;

APR - сыйақының жылдың тиімді мөлшерлемесі;

tj - қарызды ұсынған күннен бастап қарыз алушыға j-ші төлем (күндерде) сәтіне дейінгі уақыт аралығы; 

m - қарыз алушының соңғы төлемінің реттік нөмірі;

і - қарыз алушының төлемінің реттік нөмірі;

Pi - қарызды алған күннен соң қарыз алушының төлемінің і-ші сомасы;

ti - қарызды ұсынған күннен бастап қарыз алушыға і-ші төлем (күндерде) сәтіне дейінгі уақыт аралығы/

3.6.2. қарыз бойынша бір жолғы төлем бар болса:


APR - сыйақының жылдың тиімді мөлшерлемесі;

i - қарыз мерзімі үшін сыйақы сомасы;

с - комиссиялар мен өзге де төлемдер сомасы;

S - қарыз сомасы;

t - қарызды ұсынған күннен бастап өтеу сәтіне дейін (күндерде) уақыт кезеңі.

 

4-ТАРАУ. ҚАРЫЗДЫ АЛУ ҮШІН ЖҮГІНУ ТӘРТІБІ

4.1. Серіктестік Қарызды алуға арналған өтінімдерді келесі шарттарда ғана қарастырады:

4.1.1. Өтінішкер/Қарыз алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

4.1.2. Өтінішкер/Қарыз алушы 20 (жиырма) жасқа толған, бірақ 65 (алпыс бес) жастан аспаған;

4.1.3. Өтінішкер/Қарыз алушы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген.

4.1.4. Өтінішкер/Қарыз алушы толық құқық қабілеттілігі мен жұмыс қабілеттілігіне, сонымен қатар Офертаны жолдау және Қарыз шартының талаптарын орындау арқылы Қарыз шартын жасасуға қажетті және жеткілікті барлық құқықтар мен өкілеттіліктерге ие болуы тиіс.

4.1.5. Қазақстан Республикасының аумағында Өтінішкер/Қарыз алушының атына тіркелген ұялы телефонының нөмірі болуы керек.

4.1.6. Тұрақты ресми табысы болуы керек.

4.1.7. Қолданыстағы ашылған банк есеп шотының немесе Қазақстан Республикасының банктерінің біреуінде Қарыз алушының атындағы IBAN-ға байланған төлемдік банк картасының болуы.

Жоғарыда аталған талаптардың біреуі болмаса, Серіктестік Өтінішкер/Қарыз алушыға Қарыз ұсынудан бас тартуға құқылы.

4.2. Қарыз шарты Серіктестік тарапынан Өтінішкер/Қарыз алушының Офертасын Акцепттеу арқылы жасалады.

4.3. Оферта Серіктестіктің сайтында орналасқан Серіктестік белгілеген нысанда түзіледі.

4.4. Серіктестікке Қарызды алуға арналған өтінімін алғаш рет жіберген Өтінішкер/Қарыз алушыға Қарыз ұсыну 75 000 (жетпіс бес мың) теңгеден аспайтын көлемде жүзеге асырылады. Бұрын Серіктестікпен Қарыз шартын жасасқан және тиісінше, яғни толық көлемде және Қарыз шартымен белгіленген мерзімде өзіне жүктеген міндеттемелерін орындаған Өтінішкер/Қарыз алушы қайтадан (екінші рет және одан көп) жүгінген жағдайда, оған 150 000 (жүз елу мың) теңге шамасында Қарыз ұсынылуы мүмкін.

4.5. Офертаның нысаны алдын ала белгіленген және Өтінішкер/Қарыз алушы Өтінімде ұсынған ақпараттың негізінде толтырылады. Қарыз шартының сомасы мен әрекет ету мерзімін Өтінішкер/Қарыз алушы өз бетінше Офертада көрсетеді. Қарыз шартын жасасуға ниет білдірген Өтінішкер/Қарыз алушы сайтта орналасқан несие калькуляторының көмегімен Қарыз сомасы мен Қарыз мерзімін алдын ала анықтауы тиіс және Өтінім/Офертаны берген кезде растауы/толтыруы тиіс.

4.6. Өтінішкер/Қарыз алушы ұсынылған Қарыз сомасын қайтаруға және Қарыз шартымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде Қарызды қолданғаны үшін есептелген сыйақыны төлеуге міндеттенеді.

4.7. Қарыз алуға ниет білдірген Өтінішкер/Қарыз алушы сайтта орналасқан Сауалнаманы толтырып сайтта тіркелуі тиіс. Бұл ретте Өтінішкер/Қарыз алушы Серіктестікке келесі ақпаратты ұсынумен келіседі: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні және жері; жеке куәлігінің деректері; ЖСН; отбасы жағдайы; жұмыспен қамтылу туралы мәліметтер; айлық табысының көлемі (еңбекақы, шәкіртақы, зейнетақы және т.б.); айлық табысын алатын күні; басқа несиелердің болуы, тұратын өңірі; нақты тұратын жерінің мекенжайы; тіркелген мекенжайы; ұялы телефон нөмірі; үй телефонының нөмірі (жоқ болса туысының үй телефонын ұсыну керек); жұмыс телефонының нөмірі; электрондық пошта, сондай-ақ таныс адамының/туысының/досының немесе қысқаша сипаттама бере алатын басқа қандай да бір адамның қосымша байланыс телефоны.

4.8. Қарыз алу үшін, Өтінішкер/Қарыз алушы қажетті өрістерді толтырып (банктік есеп шотының нөмірі мен банктің атауын қамтитын банктік деректемелер) Қарыз алудың тәсілін өз бетінше таңдайды.

4.9. Өтінішкер/Қарыз алушы төмендегілермен келіседі:

4.9.1. Серіктестік, ол еркін, өз бетінше және өз мүддесінде Серіктестікке сайт арқылы, SMS-хабарламалар арқылы, ауызша және жазбаша түрде кез келген байланыс құралдарын қолдана отырып беретін дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өндеуді жүзеге асырады. Бұл арада, дербес деректерді өңдеу: осы тұлғалардың Өтінішкерден/Қарыз алушыдан Қарыз шарты бойынша мерзімі кешіктірілген берешекті өндіріп алуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатымен, жасалған Қарыз шарты шеңберінде Серіктестік тарапынан деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, қолдануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер болып түсініледі;

4.9.2. Қарыз шартын жасасу немесе Қарыз беруден бас тарту мақсаттарында, сондай-ақ сот немесе сотқа дейінгі тәртіпте Қарыз шарты бойынша Өтінішкер/Қарыз алушы өз міндеттемелерін бұзған жағдайда Қарыз шартына сәйкес ақшаның тиісті сомаларын одан әрі өндіріп алу үшін дербес деректерді қолдануға.

4.9.3. Серіктестік Өтінішкер/Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше толық орындаған сәтке дейін барлық алынған дербес деректерді қолдануға құқылы. Өтінішкер/Қарыз алушы Серіктестіктен жарнамалық материалдар мен Серіктестіктің қызметтері мен акциялары туралы ақпаратты алумен келіседі.

4.9.4. Серіктестік кез келген үшінші тұлғалардан оның төлемге қабілеттілігін анықтау мақсатында Өтінішкер/Қарыз алушы туралы ақпарат сұрауға құқылы;

4.9.5. Серіктестік, ҚР барлық несие бюроларынан Өтінішкер/Қарыз алушы туралы мәліметті, Өтінішкер/Қарыз алушы туралы несиелік есептерді алуға және Серіктестік тарапынан ҚР барлық несие бюроларына Өтінішкердің/Қарыз алушының міндеттемелері туралы деректерді ұсынуға Өтінішкерден/Қарыз алушыдан келісім алды. Несиелік бюроны таңдау құқығы Серіктестікке ұсынылады.

4.10. Өтінішкер/Қарыз алушы толтырылған байланыс және дербес деректердің дұрыстығын, ҚР барлық несиелік бюроларынан/бюроларына несиелік есептерді/деректерді алуға және ұсынуға, сондай-ақ Өтінішкер/Қарыз алушы сайтта Сауалнаманы толтырған (тіркелген) кезде көрсеткен Өтінішкер/Қарыз алушының ұялы телефонына Серіктестік жіберген арнайы СМС кодты Серіктестіктің сайтында белсенді ету арқылы құпиялы деректерді алуға, өңдеуге және сақтауға келісім бергенін растауы тиіс.

4.11. Өтінішкер/Қарыз алушы қарызды ұсынудың барлық шарттарымен, соның ішінде Серіктестіктен алған СМС-код арқылы қарыз шартының талаптарымен келіскенін растайды.

4.12. Өтінішкер Серіктестіктен СМС, соның ішінде электрондық мекенжайына Ұйымның қызметтері, жаңалықтары және акциялары туралы жарнамалық және өзге ақпарат түріндегі таратылымды алуға  келіседі.

4.13. Өтінішкер/Қарыз алушы және Серіктестік, Қарыз шартымен танысып шығып келіскендей, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395 бабының ережелеріне сәйкес, Өтінішкерді/Қарыз алушыны сәйкестендіретін ақпарат қамтылған Оферта (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің деректері, ЖСН, Өтінішкердің/Қарыз алушының тіркелген жері, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы), сондай-ақ арнайы СМС-код арқылы расталған, Өтінішкер/Қарыз алушы тиісінше қол қойған өзіндік қолтаңбаның баламасы (сәйкестендіретін ақпараттың жиынтығы).

4.14. Серіктестік алған Оферта, егер Серіктестік ақшаны Өтінішкер/Қарыз алушының есеп шотына қолма-қол ақшасыз тәртіпте аударса Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан қайтарып алына алмайды.

4.15. Серіктестік, Өтінішкер/Қарыз алушы ұсынған Офертаны Акцепттеу сәтіне дейін, осы Қағидалармен көзделген қызметтерді ұсынуға және міндеттемелерді өтеуге міндетті емес.

4.16. Серіктестік Қарыз шарты бойынша кез келген үшінші тұлғаға, соның ішінде коллекторлық агенттікке өзінің талап ету құқықтарын толығымен немесе ішінара шегінуге құқылы, бұл ретте:

4.16.1. Серіктестік осындай үшінші тұлғаға, сондай-ақ оның агенттеріне және оның басқа да уәкілетті тұлғаларына осындай шегінуге қажетті Қарыз, Берешек, Өтінішкер/Қарыз алушы туралы ақпаратты ашуға, сондай-ақ осындай тұлғаларға Қарыз бойынша тиісті құжаттарды, соның ішінде Өтінімді беруге құқылы;

4.16.2. Серіктестік немесе оған Серіктестік Шарт бойынша өз талап ету құқықтарын толығымен немесе ішінара шегінетін тұлға, сондай-ақ оның агенттері және оның уәкілетті тұлғалары, шегінген талап ету құқықтарына қатысты төлемдерді жүзеге асырудың есеп шотын көрсете отырып, Өтінішкер/Қарыз алушыға жүзеге асқан шегіну туралы хабарламаны (Серіктестік тарапынан Шарт бойынша шегінген құқықтары туралы тиісті құжаттарды қоса тіркеп) жолдайды/табыстайды. Бұл жағдайда Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан шегінген талап ету құқықтары бойынша өз міндеттемелерін орындауы, тиісті хабарламада көрсетілген есеп шотқа және сол тәртіпте Өтінішкер/Қарыз алушымен жүзеге асырылуы тиіс.

4.17. Серіктестік Оферта/Қарыз шартының талаптарын Өтінішкер/Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.

5-ТАРАУ. ҚАРЫЗ ШАРТЫН ЖАСАСУҒА АРНАЛҒАН ОФЕРТАНЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ

5.1. Өтінішкер Серіктестікке Офертаны жіберген күннен бастап 48 (қырық сегіз) сағаттан кешіктірмей, Серіктестік Өтінішкер/Қарыз алушының Офертасында көрсетілген көлемде және шарттарды Қарыз беру немесе Қарыз беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5.2. Серіктестік Қарызды беру немесе Қарызды беруден бас тарту туралы шешімді Өтінішкер/Қарыз алушы берген Офертаның, сондай-ақ Өтінішкер/Қарыз алушы Өтінімде ұсынған кез келген қосымша ақпараттың негізінде қабылдайды.

5.3. Серіктестік келесі жағдайларда Өтінішкер/Қарыз алушыға Қарыз ұсынбауға құқылы:

5.3.1. Серіктестікке болған және Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан ұсынылған ақпарат Өтінішкердің/Қарыз алушының төлемге қабілетсіз болуы мүмкін екенін аңғартатындықтан, Серіктестікте Қарыз уақтылы қайтарылмайды деп ойлауға негіздемелер болса;

5.3.2. Өтінішкер/Қарыз алушы туралы деректер осы Қағидалармен белгіленген Қарызды ұсыну шарттарына сәйкес келмесе;

5.3.3. Өтінішкер/Қарыз алушы ұсынған ақпарат дұрыс емес;

5.3.4. Өтінішкер/Қарыз алушыда Серіктестіктің алдында бұрын ұсынған Қарыз үшін (соның ішінде Өтінішкер/Қарыз алушы қайтадан Қарыз алуға жүгінген сәтте қайтару мерзімі жетпеген Қарыз бойынша берешек) өтелмеген берешегі бар болса;

5.3.5. Өтінішкер/Қарыз алушының несиелік тарихында Өтінішкер/Қарыз алушының үшінші тұлғалар арасындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы мәліметтер болса.

5.4. Серіктестік Өтінішкер/Қарыз алушыны Қарызды беру немесе Қарыз беруден бас тарту туралы қабылданған шешімі жайлы кез келген қолжетімді тәсілмен, соның ішінде Өтінішкер/Қарыз алушы Өтінімде көрсеткен электрондық пошта арқылы хабардар етеді.

5.5. Серіктестік Қарыз беру туралы шешім қабылдау мақсатында түпнұсқадан сканерленген құжаттарды, қажет болса түпнұсқасын ұсынуын сұрауға құқылы, ал Өтінішкер/Қарыз алушы оларды Серіктестіктің support@100tenge.kz мекенжайына ұсынуы тиіс:

5.5.1. жеке басын куәландыратын құжат;

5.5.2. Өтінішкер/Қарыз алушының ол туралы ақпаратты несиелік бюроларға ұсынуға қағаз тасығышында қол қойылған Келісімі;

5.5.3. Өтінішкер/Қарыз алушының ол туралы ақпаратты несиелік бюролардың алуына қағаз тасығышында қол қойылған Келісімі;

5.5.4. Құпиялылық туралы келісім

5.5.5. ЗТМО РМҚК-нан міндетті зейнеатақы аударымдары бойынша деректерді алуға келісім.

 

6-ТАРАУ. ОФЕРТАНЫ АКЦЕПТТЕУ ЖӘНЕ ҚАРЫЗ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

6.1. Серіктестіктің Офертаны акцепттеуі, Серіктестік Офертаның барлық талаптарымен келіскенін білдіреді. Акцепт Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес Қарыз шартын жасасумен тең, бұл Тараптаржың Қарызды ұсыну бойынша Шарт жасасқанын білдіреді.

6.2. Офертаны Акцепттеген жағдайда Серіктестік осы Қағидалардың 3-тарауында баяндалған параметрлер мен шарттарды ескеріп, Өтінішкер/Қарыз алушы көрсеткег Есеп шотқа, Офертада белгіленген көлемдегі ақшалай қаражатты бір жолғы төлеммен аудару арқылы Өтінішкер/Қарыз алушыға Қарызды ұсынуға міндетті.

6.4. Өтінішкер/Қарыз алушыға ақшалай қаражатты ұсынудың сәті болып Қарыз сомасын Қарыз алушының Есеп шотына аударған күн танылады. Аталған күннен бастап Қарыз шарты жасалған болып саналады және Қарыз алушы Серіктестіктің алдындағы міндеттемелерін толығымен орындағанша әрекет етеді.

6.5. Өтінішкер/Қарыз алушының банк/карта есеп шотына ақшаның түскен мерзімі оң шешімді қабылдаған соң 3 (үш) банк күнінен асып түспейді.

6.6. Қарыз шартының аясында жүргізілетін барлық төлемдер Тараптармен қолма-қол ақшасыз түрде жүргізіледі.

7-ТАРАУ. СЫЙАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

7.1. Өтінішкер/Қарыз алушы Қарызды қолданғаны үшін Серіктестікке осы Қағидалардың  3.5 тармағында белгіленген көлемдегі Сыйақыны төлеуге міндетті.

7.2. Қарызды қолдану үшін сыйақы Қарыз сомасы есептелген кейінгі келесі күннен бастап Қарызды қайтару күнін қоса алғанда Қарыз сомасына есептеледі.

7.3. Қарызды қолдану үшін Сыйақыны төлеу бір жолғы төлеммен , осы Қағидалармен және Қарыз шартымен белгіленген шарттарды Қарыз сомасын қайтарумен бірге жүргізіледі.

7.4. Қарызды қолдану үшін Сыйақыны есептеген кезде жылдағы күндер саны күнтізбелік күндердің нақты санына тең болып қабылданады: 365 тиісінше, ал күнтізбелік айдағы күндер саны - тиісті айдағы күнтізелік күндердің нақты санына тең болып қабылданады.

7.5. Қарызды қолдану үшін сыйақы Серіктестіктің сайтында орналасқан несие калькуляторына сәйкес есептеледі. Серіктестік, Офертада көрсетілетін Қарыз сомасы мен өтеу мерзіміне, Өтінішкер/Қарыз алушының несиелік тарихына, сондай-ақ Өтнішкер/Қарыз алушы тарапынан бұрын жасалған және уақытында өтелген Қарыздарына байланысты әрбір нақты Өтінішкер/Қарыз берушіге қатысты Қарызды қолдану сомасы үшін Сыйақы көлемін орнатуға құқылы.

Қарыз шартында Сыйақы мөлшерін азайту қатаң түрде дербестендірілген, сол себепті, Қарыз шарты бойынша Сыйақы мөлшерін азайтудан себебін түсіндерместен бас тартылуы мүмкін.

8-ТАРАУ. ҚАРЫЗДЫ ЖӘНЕ СЫЙАҚЫНЫ ҚАЙТАРУ (ӨТЕУ) ТӘРТІБІ

8.1. Өтінішкер/Қарыз алушы Офертада белгіленген Қарыз мерзімі аяқталған соң 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей Қарыз сомасын қайтаруға және есептелген Сыйақыны төлеуге міндеттенеді.

8.2. Өтінішкер/Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша орын алған Берешекті өтеу үшін Өтінішкер/Қарыз алушыны хабардар етей Қарызды және есептелген Сыйақыны қайтару мерзімі келгенде Өтінішкер/Қарыз алушының банктегі есеп шотынан ақшалай қаражатты есептен шығаруға Серіктестікке құқық береді. Қарыз шартын жасау жоғарыда аталған әрекеттерді жасаудың Акцепттеуі болып табылады.

8.3. Қарыз сомасы мен есептелген Сыйақыны қайтару бір жолғы төлеммен Серіктестіктің банктегі есеп шотына Офертада көрсетілген Қарызды қайтару күні жүзеге асырылады.

8.4. Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан Қарызды өтеу, Қарыз шарты бойынша Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан өз міндеттемелерін орындау тәсілін қоса алғанда, ол бойынша Сыйақы төлеу тәсілдері:

1) Ақшалай қаражатты Серіктестіктің есеп шотына қолма-қол ақшасыз  аудару арқылы (комиссия көлемі қызмет көрстеуші банктің тарифтеріне сәйкес белгіленеді және Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан өз бетінше төленеді);

2) Өтінішкер/Қарыз алушының төлем картасы арқылы www.100tenge.kz сайтында Өтінішкер/Қарыз алушының жеке кабинетінде төлеу арқылы (комиссия көлемі қызмет көрсетуші банктің тарифтеріне сәйкес анықталады және Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан өз бетінше төленеді);

3) Qiwi және Касса24 төлем терминалдары, екінші деңгейлі банктер және төлемнің өзге тәсілдерімен ақшалай қаражатты енгізу арқылы.

8.5. Осы Қағидаларда баяндалған шарттарда ұсынылған Қарыздар, Қарыз берушіге Қарыз ұсынылған күннен бастап кемінде 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң мерзімінен бұрын толығымен немесе ішінара өтелуі мүмкін, 7 (жеті) күнге дейін мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Қарыз алушы 7 (жеті) күнтізбелік күн үшін ең аз сыйақыны төлеуге міндеттенеді.

8.6. Мерзімінен бұрын өтеу қарызды қолданудың нақты күндері үшін Негізгі қарызды және Сыйақыны қосатын бір жолғы төлеммен жүзеге асырылады, бұған осы Қағидалардың 8.5 тармағында көрсетілген шарттар кірмейді.

8.7. Қарызды қайтару мен Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау сәті Қарыз алушыдан Берешектің барлық сомасын Серіктестіктің банктегі шотына аудару болып табылады.

8.8. Серіктестік Өтінішкер/Қарыз алушының ақшалай қаражатын алған кезде оларды келесі кезектілікте Қарыз шарты бойынша берешекті өтеуге жібереді:

1) қарыз шарты бойынша Қарыз алушының міндеттемелерін өтеумен байланысты Серіктестік шығындары;

2) мерзімін өткізіп алған берешек болса - тұрақсыздық айыбының сомасы;

3) Сыйақы;

4) Негізгі қарыз.

8.9. Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша Серіктестік алдындағы міндеттемелері, егер Берешектің барлық сомасы қарыз мерзімі аяқталған күннен бастап келесі күннен кешіктірмей толық көлемінде Серіктестіктің банктегі шотына келіп түссе орындалған болып саналады.

9-ТАРАУ. ҚАРЫЗ ШАРТЫН ҰЗАРТУ (МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ) ТӘРТІБІ

9.1. Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша міндеттемелеріг белгіленген мерзімде орындай алмаса, Қарыз шартының әрекет мерзімін ұзартуға (мерзімін ұзарту) болады.

9.2. Қарыз шарты, Қарыз шарты бастапқыда жасалған мерзімге ұзартылуы мүмкін.

9.3. Қарыз шартының әрекет мерзімін ұзарту үшін Қарыз алушыға Қарызды қолданғаны үшін есептелген Сыйақыны толық көлемде төлеу керек, одан соң Қарызды қолдану мерзімі, сонымен қатар Қарызды өтеу мерзімі автоматты түрде сол мерзімге және сол шарттарда ұзартылады (шартқа қосымша келісім жасамай). Бұл арада Сыйақының ең аз көлемі осы Қағидалардың 8.5 тармағына сәйкес  7 (жеті) күнтізбелік күн есебінен есептелетін болады.

9.4. Шарттың әрекет ету мерзімін ұзарту үшін мерзімін өткізіп алған берешегі бар Қарыз алушы Қарызды қолданғаны үшін есептелген Сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын толық көлемінде төлеуі тиіс. Есептелген Сыйақыны және өзге де айыппұл санкцияларын өтеген соң, Қарызды қолдану мерзімі, сонымен қатар Қарызды өтеу мерзімі сол мерзімге және сол шарттарда (шартқа қосымша келісім жасамай) ұзартылуы мүмкін.

9.5. Егер Қарыз алушы Қарыз шартының әрекетін ұзарту үшін қажетті соманы уақытында аудармаса, осы Қағидалардың 9 тарауына сәйкес, Серіктестік Қарыз шартын ұзартудан (мерзімін ұзартудан) бас тартуға құқылы, осы арқылы Қарыз ұзартылмаған (мерзімі ұзартылмаған) болып саналады.

9.6. Егер шотта Қарызды өтеуге немесе осы Тараудың шарттарына сәйкес Қарыз шартының мерзімін ұзартуға жеткіліксіз сома болса, Серіктестік Қарыз шарты бойынша Берешек сомасының шегінде (соның ішінде ең аз көлемі де) кез келген соманы Өтінішкер/Қарыз алушының төлем картасының банктегі шотынан есептен шығара алады.

10-ТАРАУ. ҚАРЫЗ ШАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

10.1. Қарыз шартының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте жәбірленген Тарапқа келтірілген залалдарын өтеуге міндетті.

10.2. Қарыз шартымен көзделген Қарыз сомасы мен есептелген Сыйақы сомасын уақытында қайтармағаны үшін Өтінішкер/Қарыз алушы Серіктестіктің талабы бойынша мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін Қарыз сомасынан 0,5% пайыз, бірақ Қарыздың бір жылғы сомасынан 10%-нан артық емес көлемдегі тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

Тұрақсыздық айыбын есептеу Өтінішкер тарапынан Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауды кешіктіре бастаған күнінен есептеледі.

10.3. Тұрақсыздық айыбын төлеу, Өтінішкер/Қарыз алушыны Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

10.4. Өтінішкер/Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауды 15 (он бес) күнтізбелік күннен артық кешіктірген жағдайда, Серіктестік бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

10.5. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген, Серіктестікке тиесілі ақшалай қаражатты қайтару бойынша өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға құқылы. Осы әрекеттерге байланысты барлық шығындарды Өтінішкер/Қарыз алушы өтейді.

10.6. Егер Өтінішкер/Қарыз алушы Қарыздың төлемін мерзімінен кешіктірсе немесе Қарыз шартында көрсетілген мерзімде Берешекті толығымен өтеу үшін жеткіліксіз сомасын аударса, Қарыз беруші несие бюросына Өтінішкер/Қарыз алушының төлем тәртібі туралы қолда бар жағымсыз ұсынуға құқылы.

11-ТАРАУ. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)

11.1. Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамауы немесе тиісінше орындамауы Қарыз шартын жасасқан күннен кейін Тарап болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде туындаған еңсерілмес күштің салдарынан болса, Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамауы немесе тиісінше орындамауы үшін жауапкершіліктен босатылады.

11.2. Енсерілмейтін күш оқиғалары дегеніміз: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, табиғи құбылыстар, эпидемия, соғыс немесе әскери әрекеттер, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері.

11.3. Осындай оқиғалар орын алса оларға тап болған Тарап басқа Тарапты жазбаша түрде 5 күн ішінде хабардар етуі тиіс.

11.4. Еңсерілмейтін күш оқиғаларына сілтеме жасайтын Тарап, басқа Тарапқа осы оқиғалардың болуын куәландыратын ресми құжаттарды ұсынуы тиіс және мүмкіндігінше Тараппен Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне ықпалының бағасын ұсынуы тиіс. Жалпыға мәлім сипатқа ие болған еңсерілмес күш жағдайлары дәлелдеуді талап етпейді.

11.5. Егер еңсерілмес күш оқиғаларының әсеріне тап болған Тарап осындай оқиғалардың болуын куәландыратын құжаттарды жібермесе, осындай тарап Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіздеме ретінде осындай оқиғаларға сілтеме жасау құқығынан айырылады.

11.6. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған кезде, осы Қарыз шарты бойынша Тараптың міндеттемелерді орындау мерзімі, осындай жағдайлар мен олардың салдары әрекет еткен мерзімге мөлшерлес уақытқа жылжытылады. Егер орын алған еңсерілмес күш жағдайлары және олардың зардаптары 15 күннен артық жалғасса, Тараптар Қарыз шартын орындаудың қолайлы баламалы тәсілдерін анықтау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді.

12-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

12.1. Тараптар өз қарым-қатынасын өзара сенім және құпиялылық негізінде құрады. Осы Қағидалардың мәтінінде шешімін таппаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

12.2. Шарт бойынша туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының құқығын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен Кепіл ұстаушының қалауы бойынша Кепіл ұстаушының немесе оның филиалының орналасқан жеріндегі сотта немесе «Международный Арбитражный суд «Аваль»» ЖШС-де шешіледі.

12.3. Серіктестік және Өтінішкер/Қарыз алушы келіскендей, Өтінішкер/Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаса және Серіктестік сот органдарына жүгінсе, Өтінішкерден/Қарыз алушыдан бұйрықты өндіріс тәртібінде (сот бұйрығын шығару) өндіріп алу рәсімі қолданылуы мүмкін.

12.4. Осы Қағидалармен көзделмеген басқа мәселелерде, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алатын болады.

12.5. Осы Қағидалар Серіктестіктің қарыздық қоржынының құрылымындағы, қызметінің қаржылық нәтижелеріндегі өзгерістерді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық ахуалы мен қаржылық нарықтарының конъюнктурасындағы өзгерістерді ескере отырып өзгертіле және толықтырыла алады.